Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекзад Нұрдәулетов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

Опубликовано:

Бекзад Нұрдәулетов
Бекзад Нұрдәулетов. Фото: olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Боксшы Бекзад Нұрдәулетов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты. Ол "ADAL PROMOTIONS" промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған. Бұл туралы компания Instagram парақшасында хабарлады.

"Бүгін "ADAL PROMOTIONS" промоутерлік компаниясы бокстан әлем чемпионы Бекзад Нұрдаулетовпен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды", - делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, Бекзад Нұрдәулетов 6 қарашада шаршы алаңға шығады. Кәсіпқой бокс кеші Ақтаудағы "Халық Арена" спорт кешенінде өтеді.

Айта кетейік, бұл Бекзаттың кәсіби бокстағы үшінші жекпе-жегі болмақ. Бұған дейінгі кездесулерде отандасымыз қарсыластарынан басым түскен еді.

Еске сала кетсек, Бекзад Нұрдәулетов 2016 жылы жастар арасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2019 жылы Ресей Федерациясында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы.

Сондай-ақ, биыл Токиода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Алайда 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бекзад бірінші кездесуде ресейлік Имам Хатаевтан 4:1 есебімен жеңілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1937797-bekzad-nurdauletov-resmi-turde-kasipqoi-boksqa-auysty/

pixel