Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүлде қоры 12 млн": Ақтөбеде чемпиондардың қатысуымен ерекше спорт кеші өтеді

Опубликовано:

Ақжүрек Таңатаров пен Қуат Хамит
Ақжүрек Таңатаров пен Қуат Хамит: Facebook

Ақтөбеде еркін күрестен әлем чемпионаты мен Олимпиада жүлдегерлерінің, сондай-ақ, MMA шеберлерінің басын қосатын ерекше дода өткелі жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елімізде бұрын-соңды болмаған бәсекеге еркін күрестен Лондон Олимпиадасының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, Токио Олимпиадасының жүлдегері Нұрислам Санаев, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрғожа Қайпанов, грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов, еркін күрестен Азия чемпионы Юсуп Батырмұрзаев бастаған балуандар қатысады.

Сондай-ақ, дүбірлі сынға Ильдар Құдайбергенов, Асу Алмабаев, Айтым Жакупов, Тойти Тазаев, Сергей Морозов, Қуат Хамитов, Арман Әшімов сынды ММА жұлдыздары да қатысады. «Өнер барысында» екі рет топ жарған Асылхан Төлепов пен танымал актоер Ғазырет Қажымұқанұлы да бозкілемге шықпақшы.

«Бұл бәсеке еліміздегі күрес түрлерін, әсіресе, еркін күресті насихаттауға арналған. Жүлде қоры 12 миллион теңгені құрап отыр. Әрбір балуан бір белдесуден өткізеді. Жеңгені 500 мың, жеңілгені 300 мың теңге көлемінде сыйақы алмақ. Жалпы, біздің басты мақсатымыз – еліміздегі күрес түрлерін насихаттап, олимпиадалық спорт түрлерінің дамуына жол ашу. Бұл балалар мен жасөспірімдер арасында күреске деген қызығушылықты арттыратыны сөзсіз», - дейді турнирді ұйымдастырушы әрі Ақтөбе облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Еркінұлы.

«Wrestling Stars»- кеші 2021 жылдың 23 қазанында алғаш рет өтеді. Келесі жылдан бастап турнир халықаралық додаға жалғасады деген жоспар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1937873-zulde-qory-12-mln-aqtobede-cempiondardyn-qatysuymen-erekse-sport-kesi-otedi/

pixel