Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: Құрама капитаны міндетін кім атқаратыны белгілі болды

Опубликовано:

бокс өнер11
Көрнекі фото: pixabay.com

Бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасы әлем чемпионатына тас түйін дайын. Әлем чемпионаты қарсаңында құрамаға жаңадан капитан тағайындалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының капитаны болып бокстан әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Олимпиада ойындарының қатысушысы Абылайхан Жүсіпов бекітілген.

Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты 24 қазан мен 6 қараша аралығында Сербия астанасы Белградта өтеді. Аталған додаға Қазақстан толық құраммен қатысады. 

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі келесідей:

  • 48 келі: Теміртас Жүсіпов
  • 51 келі: Сәкен Бибосынов
  • 54 келі: Махмуд Сабырхан
  • 57 келі: Серік Теміржанов
  • 60 келі: Саматәлі Төлтаев
  • 63,5 келі: Санатәлі Төлтаев
  • 67 келі: Абылайхан Жүсіпов
  • 71 келі: Асланбек Шымбергенов
  • 75 келі: Нұрқанат Райыс
  • 80 келі: Нұрбек Оралбай
  • 86 келі: Бек Нұрмағанбет
  • 92 келі: Айбек Оралбай
  • +92 келі: Нұрлан Сапарбай

Айта кетейік, әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2,6 млн АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаздарға AIBA-дан 100 000, күміс жүлдегерлер 50 000, қола жүлдегерлер 25 000 доллар табысталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1938333-bokstan-alem-cempionaty-qurama-kapitanynyn-mindetin-kim-atqaratyny-belgili-boldy/

pixel