Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазалыда Елеу Көшербаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде

Опубликовано:

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгін Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен жастар арасындағы ХV дәстүрлі халықаралық турнир басталды.

Байрақты бәсекеде барлығы 200-ге жуық балуан бозкілемде бақ сынасуда.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Турнирдің ашылу салтанатында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет құттықтау сөз сөйлеп, жас ұрпақ үшін дүбірлі доданың маңызы жоғары екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының жеделхаты мен Қызылорда облысы әкімінің "Құттықтауын" жеткізді.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мұнан соң Қазалы және Арал аудандарының құрметті азаматы Айтбай Көшербайұлы, жастар арасындағы грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Нұрым Дүйсеновтер жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Айта кетейік, байрақты бәсеке Әйтеке би кентіндегі №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде өтіп жатыр. Халықаралық турнир 24 қазанға дейін жалғасады.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Аталмыш турнир дәстүрлі түрде 2006 жылдан бері өткізіліп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1938533-qazalyda-eleu-koserbaevty-eske-aluga-arnalgan-xalyqaralyq-turnir-otude/

pixel