Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдық Әділ Ғалиахметов Қытайдағы әлем кубогінде күміс медаль алды (видео)

Опубликовано:

Әділ Ғалиахметов
Әділ Ғалиахметов: olympic.kz

Қытай астанасы Бейжіңде шорт-тректен лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына іріктеу бәсекесі саналатын кубоктік додада Қазақстан командасы екі медаль жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлер арасында 1500 метрге жүгіруден Қазақстан командасының мүшесі Әділ Ғалиахметов күміс медаль жеңіп алды. Ол Сочи Олимпиадасының чемпионы, әлем біріншілігінің жеңімпазы, ресейлік Семен Елистратовқа ғана есе жіберген. Қола медальді Қытай спортшысы Ан Кай иеленді.

"Бүгін екінші орын иеленгеніме өте қуаныштымын. Бұл менің ғана емес, бүкіл команданың, Қазақстанның жеңісі. Мұнымен босаңсып қалмаймыз. Алда әлем кубогінің үш кезеңі бар. Соның қорытындысы бойынша Олимпиада жолдамасы сарапқа салынады. Демек, бар қызық әлі алда", - деді Әділ Ғалиахметов Қазақстан ҰОК сайтына берген сұхбатында.

Әділ Ғалиахметов Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі әрі Орал қаласының тумасы.

Екінші медальді қостанайлық Денис Никиша еншіледі. Тәжірибелі спортшы 500 метрге жүгіруден финалдық кезеңге шығып, қола жүлдегер атанды. Ол венгриялық спортшыларға жол берген. Сондай-ақ, финалда Канада және Қытай спортшылары жарыс ережесін бұзғаны үшін шеттетілді.

500 метрге жүгіруден Қазақстан намысын Абзал Әжіғалиев те қорғаған болатын. Алайда, команда үздігі жарыс ережесін бұзғаны үшін финалға жіберілген жоқ.

Қытайда шорт-тректен әлем кубогінің бірінші кезеңі өтуде. Алда әлем кубогінің үш кезеңі өтеді. Төрт кезең қорытындысы бойынша Олимпиада ойындарына жолдама алған спортшылар анықталады.

Шорт-тректен Қазақстан командасының бас бапкері - Мәдіғали Қарсыбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1938588-oraldyq-adil-galiaxmetov-qytaidagy-alem-kuboginde-kumis-medal-aldy-video/

pixel