RU

Қазақстан құрамасы бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов. Фото: instagram.com/serik_temirzhan

Сербияда бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты басталды деп хабарлайды zakon.kz.

Рингке бірінші болып 57 келіге дейінгі салмақтағы боксшылар шықты.

Бұл салмақта Қазақстанның намысын қорғауға Серік Теміржанов шықты, оның қарсыласы моңғолиялық Энх-Амар Хархуу болды.

Бұл 1/2 финалдық жекпе-жек қазақстандық былғары қолғап шебері үшін сәтті аяқталды, үш раундта да төрешілер Серікке басымдық берді.

Ол әлем чемпионатының екінші кезеңіне өтеді.

Еске сала кетейік, әлем чемпионаты қарсаңында құрамаға жаңадан капитан тағайындалған болатын.

Қазақстан ерлер құрамасының капитаны болып бокстан әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Олимпиада ойындарының қатысушысы Абылайхан Жүсіпов бекітілген.

Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты 24 қазан мен 6 қараша аралығында Сербия астанасы Белградта өтеді. Аталған додаға Қазақстан толық құраммен қатысады.

Айта кетейік, әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2,6 млн АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаздарға AIBA-дан 100 000, күміс жүлдегерлер 50 000, қола жүлдегерлер 25 000 доллар табысталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1938893-qazaqstan-quramasy-bokstan-alem-cempionatyn-zenispen-bastady/