Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есемді қайтарамын": Олимпиада чемпионын ұтқан Бибосынов кездесуден кейін мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов: olympic.kz, Владислав Семенов

Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында өзбек боксшысынан айласын асырған Сәкен Бибосынов жекпе-жектен кейін кездесу туралы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл жерде рейтингпен жеребе болған жоқ. Сондықтан бірінші кездесуде-ақ екеуіміз (ред. Хасанбай Досматов) жолықтық. Аллаға шүкір, жеңіске жеттім. Бапкерлердің тактикасын бұлжытпай орындадым. Жекпе-жек қиындау болды. Дегенмен қарсыласымнан басым түстім. Енді алдағы кездесулерімде қателікке бой алдырмай, Токиода кеткен есемді осы әлем чемпионатында алтынға айырбастаймын. Жарысқа сол үшін келдім. Чемпион болу үшін аянбай еңбек етіп жатырмыз", - деді отандасымыз.

Естеріңізге сала кетейік, 51 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының алғашқы кездесуінде-ақ Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Досматовпен жұдырықтасып, атақты қарсыласынан басым түсті.

Сонымен қатар Белградтағы байрақты бәсекені Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (67,5 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) жеңіспен бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1938989-esemdi-qaitaramyn-olimpiada-cempionyn-utqan-bibosynov-kezdesuden-keiin-malimdeme-zasady/

pixel