Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: Асланбек Шымбергенов мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Опубликовано:

Боксер Асланбек Шымбергенов
Асланбек Шымбергенов. Фото: Национальный олимпийский комитет Республики Казахстан

Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар жеңіліссіз келеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

71 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын Асланбек Шымбергенов қорғап жатыр. Жамбыл бокс мектебінің түлегі ұзақ үзілістен кейін құрамаға қайта оралып, әлемдік додаға қатысып отыр.

Асланбек бірінші айналымда Иран командасының өкілі Фархад Морадимен жұдырықтасқан болатын.

Кездесу бірінші раундтың соңына қарай, мерзімінен бұрын аяқталды. Себебі, ирандық боксшының қабағы жарылып кеткен соң, дәрігерлер кездесуді тоқтатты.

Мұндай жағдайда есепте алда келе жатқан боксшыға жеңіс беріледі. Төрешілер шешімімен Асланбек 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Шымбергеновтің келесі қарсыласы - Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, бүгінде кәсіби бокста бақ сынап жүрген Шахрам Гиясов. Гиясов 2016 жылғы Олимпиада ойындарының финалында қазақстандық Данияр Елеусіновтен ұтылған болатын.

Айта кетелік, Белградтағы әлем чемпионатында бес қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, бесеуі де келесі кезеңге өтті.

Кеше Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов өзбекстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Хасанбай Досматовты ұтқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1939254-bokstan-alem-cempionaty-aslanbek-symbergenov-merziminen-buryn-zeniske-zetti/

pixel