Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алғашқы жеңіліс: Бек Нұрмағамбет бокстан әлем чемпионатын бірінші кезеңде аяқтады (видео)

Опубликовано:

Бек Нұрмағамбет
Фото: kfb.kz

Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан командасының өкілдері алғашқы жеңіліске ұшырады деп хабарлайды Olympic.kz. 

86 келіде сынға түскен Бек Нұрмағамбет бірінші кездесуінде бразилиялық Кено Мачадомен кездескен болатын. 

Жекпе-жек толығымен Бразилия боксшысының басымдығымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Мачадоға берді. 

Осылайша, Бек әлем чемпионатының алғашқы айналымынан аса алмады. Айта кетелік, Бек Нұрмағамбет 81 келі салмақта 2019 жылғы Азия чемпионы. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1939289-algasqy-zenilis-bek-nuramagambet-bokstan-alem-cempionatyn-birinsi-kezende-ayaqtady/

pixel