RU

"Астана" футбол клубының бас бапкері Андрей Тихонов екі жылға футболдан шеттетілді

Бапкер
Фото: Астана футбол клубы

27 қазанда Қазақстан футбол федерациясының бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы барысында "Астана" футбол клубының бас бапкері Андрей Тихоновты екі жылға футболдан шеттету шешімі қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Olimpbet-Қазақстан чемпионатының 25 турындағы "Қайрат" – "Астана" кездесуінде команданың мінез-құлқы үшін және "Fair Play" қағидасын бұзғаны үшін, ойыншылардың матчтың ресми өкілінің рұқсатынсыз футбол алаңынан шығып кетуі, қарсыласқа, матчты ұйымдастырушыға, матчтың ресми тұлғаларына, көрермендерге құрметсіздік танытқаны үшін тәртіптік ереженің 53-бабына сәйкес Андрей Тихонов Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ұйымдастыратын жарыстардан жиырма төрт айға шеттетілді", - делінген хабарламада.

Жаза мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.

Сонымен қатар, аталған матчта көрермендерге қатысты жөнсіз әрекет істегені үшін тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес "Астана" клубының ойыншысы Тигран Барсегян да жазаланды. Армениялық футболшы бір айға Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының ұйымдастыруымен өтетін ойындардан шеттетілді.

Жаза мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1939306-astana-futbol-klubynyn-bas-bapkeri-andrei-tixonov-eki-zylga-futboldan-settetildi/