Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: Тағы бір қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды

Опубликовано:

бокс85
Көрнекі фото: pixabay.com

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты кезінде тағы бір қазақстандық боксшы келесі кезеңге өте алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төртінші жарыс күнінінде 92 келіден жоғары санатта өнер көрсететін Нұрлан Сапарбай Испания өкілі Аюб Эль-Айсауиге есе жіберді. Кездесу 4:1 есебімен аяқталды. 

Осылайша, Қазақстан құрамасынан екінші боксшы жарыс жолынан шығып қалды.

Бұған дейін 86 келіде сынға түскен Бек Нұрмағамбет бірінші кездесуінде бразилиялық Кено Мачадодан жеңіліп қалған болатын.

Айта кетейік, бүгін Нұрлан Сапарбайдан бөлек, тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Олар 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Серік Теміржанов пен 67 екеліге дейінгі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов.

Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 23:05-те басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1939479-bokstan-alem-cempionaty-tagy-bir-qazaqstandyq-bokssy-zarys-zolynan-sygyp-qaldy/

pixel