Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға төрт боксшы шығады

Опубликовано:

қолғаб11
Көрнекі фото: pixabay.com

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін қазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боксшылар күндізгі және кешкі сессияда бақ сынайды.

Елорда уақытымен 17:00-де басталатын күндізгі сессияда Махмуд Сабырхан (54 келі) Оңтүстік Кореядан келген Ин Кю Киммен кездессе, Айбек Оралбай (92 келі) польшалық Матеуш Березницкимен қолғап түйістіреді.

Кешкі сессия 22:00-де басталады.

Бұл уақытта Саматәли Төлтаев (60 келі) таиландтық Хунатип Пиднучке қарсы жұдырықтасса, ал Асланбек Шымбергенов (71 келі) танымал өзбек спортшысы Шахрам Гиясовпен кездеседі.

Асланбек бұдан бұрын 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахты жеңген еді.

Еске салсақ, ұлттық құрама сапында әзірге Теміртас Жүсіпов (48 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) шаршы алаңға шыққан жоқ.

Ал Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Серік Теміржанов (57 келі) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жарыстың екі сатысын артта қалдырды.

Одан бөлек, екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. Олар: 86 келі сынға түскен Бек Нұрмағамбет және 92 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Нұрлан Сапарбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1939538-bokstan-alem-cempionaty-bugin-sarsy-alanga-tort-bokssy-sygady/

pixel