Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдос Сметов өз атынан дзюдодан ел чемпионатының жүлдегерлеріне сыйақы тағайындамақ

Опубликовано:

Smetov
Фото: Instagram/yeldos60kg

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов жас спортшыларды қолдау мақсатында ел чемпионатында оза шапқан дзюдошыларға өз атынан қаржылай сыйақы тағайындайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елдос Сметов Оралда өтетін дзюдодан Қазақстан біріншілігінде чемпион және жүлдегер атанған спортшыларды қуантатынын мәлім етті.

"Дзюдо - тек қана спорт емес, ол - өмір сүру стилі, тұнған философия. Әрбір әдіс-тәсілі арқылы бойымызға өмір бойы азық болатын құнды қасиеттерді сіңірдік.

Өздеріңіз білесіздер, жақында Орал қаласында ересектер арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді. Осыған орай, ел чемпионатында чемпион және жүлдегер атанған спортшыларға қаржылай сыйақы тағайындағанды жөн көрдім. Биылғы біріншілікте жастардың қатары көп болатыны анық", - дейді ол.

Сметовтың сөзінше, сыйақы тағайындаудағы мақсаты - жастарды қолдау және жігерлендіру.

"Ел дзюдосының болашағына кішкене болса да өз үлесімді қосқым келеді",- дейді дзюдан екі дүркін Олимпиада жүлдегері.

Елдос Сметов әзірге жүлде қорының қанша екені туралы хабарлаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1939573-eldos-smetov-oz-atynan-dzyudodan-el-cempionatynyn-zuldegerlerine-syiaqy-tagaiyndamaq/

pixel