Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Журналист қандай жағдайда Жәнібек Әлімханұлы әйгілі "Канеломен" жұдырықтасуға мүмкіндік алатынын айтты

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle

Boxingnews24.com журналисі Дэн Эмброуз орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы қандай жағдайда мексикалық жұлдыз Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасуға мүмкіндік алатынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұған дейін отандасымыздың промоутері Боб Арум жақын арада Альвареске нақты қауіп төндіре алатын Әлімханұлы екенін айтқан болатын.

"Қазір Жәнібектің "Канеломен" жұдырықтасуы мүмкін емес, өйткені ол жиі жекпе-жек өткізбейді және басқа салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Күндердің күнінде "Канеломен" жұдырықтасуға мүмкіндік алу үшін Әлімханұлы екінші орта салмаққа өтіп, жылына үш-төрт кездесу өткізуі керек. Жәнібек "Канеломен" жекпе-жек өткізгісі келсе, танымал емес жігіттермен жұдырықтасуды тоқтатқаны жөн", – дейді Дэн Эмбруз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы бірнеше рет өз салмағындағы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырған болатын.

Олардың арасында екінші орта дивизиондағы боксшы Сауль Альварес те бар.

"Мен чемпиондық жекпе-жек өткізгім келеді. Қазіргі уақытта WBO рейтингінде 2-орында тұрмын. Мунгуия болса бірінші сатыда. Олардың менімен жұдырықтасуға келіспейтінін білемін. Өйткені оларды нокаутқа жіберетінімді жақсы біледі. Ал Андраде? Ол қайда? Маған WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы қажет", - деген еді қазақстандық боксшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1939588-zurnalist-qandai-zagdaida-zanibek-alimxanuly-aigili-kanelomen-zudyryqtasuga-mumkindik-alatynyn-aitty/

pixel