Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіліп көрмеген отандық боксшы күтпеген жерден нокаутқа түсіп, титулынан айырылды

Опубликовано:

Бокс
Фото: kfb.kz

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет WBC international нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғай алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Лондондағы York Hall аренасындағы бокс кешінде отандасымыз доминикандық Хуан Карлос Абреумен (23-6-1, 21 КО) кездесті.

Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған еді, алайда барлығы жетінші раундта шешілді. Абреу Құлахметті нокаутқа жіберді.

Бұл қазақстандықтың кәсіби рингтегі алғашқы жеңілісі.

Осылайша, Тұрсынбай Құлахмет WBC белбеуінен айырылды.

Ал Хуан Карлос Абреу мансабында 24-жеңіске қол жеткізіп, WBC International титулының жаңа чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1939708-zenilip-kormegen-otandyq-bokssy-kutpegen-zerden-nokautqa-tusip-titulynan-aiyryldy/

pixel