RU

Қазақстандық спортшы шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды

Шорт трек
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық спортшы шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Жапонияның Ногая қаласында шорт-тректен ерлер арасында 500 метр қашықтық бойынша финал аяқталды.

Қазақстан құрамасының мүшесі Денис Никиша тиісті қашықтықты 58.267 уақытта бағындырып қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұл Денис Никишаның биылғы маісымдағы екінші жүлдесі. Қытайда өткен әлем кубогінің бірінші кезеңінде де ол қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1939742-qazaqstandyq-sportsy-sort-trekten-alem-kubogi-kezeninin-qola-zuldegeri-atandy/