Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айбек Оралбай Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ боксшысынан жеңіліп қалды

Опубликовано:

Боксер Айбек Оралбай
Айбек Оралбай. Фото: olympics.com

Сербияның Белград қаласында бокстан әлем біріншілігінің кезекті жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өкінішке қарай, 92 келі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай Өзбекстандағы этникалық қазақ Мадияр Саидрахимовтен ұпай санымен жеңілді.

Жекпе-жек барысында алдымен Мадияр, кейін Айбек нокдаун алды. Қорытынды есепте төрешілер 4:1 есебімен жеңісті өзбекстандық боксшыға берді. Әсіресе, екінші раундта Айбек Оралбайдың сылбыр қимылдағаны кездесу тағдырына әсер еткені рас.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бек Нұрмағамбет (75 келі) пен Нұрлан Сапарбай (+92 келі) жеңіліске ұшыраған болатын.

Ал бүгінгі сессияда сынға түскен қазақстандықтар Махмұд Сабырхан (54 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі) және Асланбек Шымбергенов (71 келі) жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.

1 қараша күні шаршы алаңға алты қазақстандық боксшы шығады. Олардың арасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов та бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1939838-aibek-oralbai-ozbekstan-namysyn-qorgaityn-qazaq-bokssysynan-zenilip-qaldy/

pixel