Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте қиын жекпе-жек болды": Қазақ боксшысын жеңген өзбекстандық қандасымыз кездесуге қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Боксшы
Видеодан кадр: Qazsport

Белградта бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Айбек Оралбайды жарыс жолынан шығарған өзбекстандық спортшы Мадияр Саидрахимов жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

"Бұл өте қиын жекпе-жек болды. Қазақстандық боксшы өте тәжірибелі. Нәтижені хабарлайтын уақытта қатты қобалжығаным рас, себебі қарсыласым мықты еді", - деп ағынан жарылды Саидрахимов.

Айта кетейік, 92 келі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай Өзбекстандағы этникалық қазақ Мадияр Саидрахимовтен ұпай санымен жеңілді.

Жекпе-жек барысында алдымен Мадияр, кейін Айбек нокдаун алды.

Қорытынды есепте төрешілер 4:1 есебімен жеңісті өзбекстандық боксшыға берді.

Осылайша, Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында үш отандасымыз жарыс жолынан шығып қалды. Бұған дейін Бек Нұрмағамбет (75 келі) пен Нұрлан Сапарбай (+92 келі) жеңіліске ұшыраған болатын.

Бүгін шаршы алаңға алты бірдей қазақстандық боксшы шығады. Олардың арасында Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1939849-qazaq-bokssysyn-utqan-ozbekstandyq-qandasymyz-zekpe-zekten-keiin-kutpegen-malimdeme-zasady/

pixel