Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан бапкері Бибосынов пен Дусматов арасындағы кездесуде әділетсіздік болғанын айтты

Опубликовано:

Боксшы
Видеодан кадр: Qazsport

Бокстан Өзбекстан құрамасының бапкері Рахматжон Рузиахунов шәкірті Хасанбой Дусматов пен отандасымыз Сәкен Бибосынов арасындағы кездесуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Рузиахуновтың айтуынша, жекпе-жектен кейін олар апелляциялық шағым түсірген. Нәтижесінде төрешілер кездесуді қайта көріп, екінші раундта Дусматовтың басым болғанын анықтаған.

"Хасанбой кәсіби бокспен 2 жылдан бері айналысып келеді. Сондықтан оның соққыларының саны емес, күші арта түсті. Егер дәл тиген жойқын соққыларды есепке алсақ, ол қазақстандық қарсыласын жеңді.

Жекпе-жектен кейін біз раундтарды қайта қарап шығып, соққыларды санадық. Барлық кезеңде Хасанбой көбірек соққы жасаған.

Кездесуді эмоцияға берілмей қарап шықтық. Содан кейін апелляцияға бердік. Төрешілер жекпе-жекті қайта көрген соң, боксшымыздың екінші раундта жеңгенін хабарлады.

Егер жекпе-жек уақытында осы нәтиже жарияланса, онда Дусматов үшінші раундта өзін әлдеқайда салқынқанды ұстар еді. Осы олқылықтың салдарынан боксшымыз соңғы раундта тәуекел мен қорқынышқа бой алдырды.

Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары өте тәжірбиелі. Олар өз шәкіртіне 3-раундта сақ болу керектігін ескерткені анық", - дейді Өзбекстан құрамасының бапкері Sports.uz басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Сербияның Белград қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында 51 келіде ел намысын қорғайтын Сәкен Бибосынов алғашқы кездесуде Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Дусматовпен жұдырықтасып, әйгілі боксшыдан басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1939855-ozbekstan-bapkeri-bibosynov-pen-dusmatov-arasyndagy-kezdesude-adiletsizdik-bolganyn-aitty/

pixel