Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін алты қазақстандық рингке шығады

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: 24.kz

1 қарашада бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында алты қазақстандық боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алты боксшының үшеуі күндізгі, үшеуі кешкі сессияда жекпе-жек өткізеді.

Нақтырақ айтсақ, күндізгі сессияда Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Мормен, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) Поле Дамиан Дуркачпен жұдырықтасады.

Ал Нұрқанат Райыс (75 келі) Ауғанстан өкілі Сулиман Аслиге қарсы шығады. Мұның бәрі 1/8 финалдағы жекпе-жектер.

Күндізгі сессияның тікелей трансляциясы елорда уақытымен 18:00-де басталады, оны Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Кешкі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі) үндістандық Дипакпен кездеседі, Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) украиналық Денис Песоцкиймен кім мықтыны анықтайды. Ал Нұрбек Оралбай (80 келі) венгриялық Пал Ковачке қарсы қолғап түйістіретін болады.

Тікелей трансляция Qazsport телеарнасында Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы сапында үш боксшы - Бек Нұрмағанбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Нұрлан Сапарбай (+92 келі) әлем чемпионатын аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1939928-bokstan-alem-cempionaty-bugin-alty-qazaqstandyq-ringke-sygady/

pixel