Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио жүлдегері Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: olympic.kz

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов ширек финалға өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сәкен үндістандық боксшы Дипакты 5:0 есебімен жеңген.

Төрешілер бірауыздан жеңісті Бибосыновқа берді.

Айта кетелік, 1/16 айналымда Сәкен Бибосынов Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Досматовты жеңген болатын.

Сондай-ақ, Сәкен Токиода өткен Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған.

Күндізгі сессияда бақ сынаған Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі) және Нұрқанат Райыс (75 келі) қарсыластарып ұтып, келесі кезеңге өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1940021-tokio-zuldegeri-saken-bibosynov-bokstan-alem-cempionatynyn-sirek-finalyna-otti/

pixel