Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіліс жоқ: Боксшылар Төлтаев пен Оралбай жекпе-жекті сәтті аяқтады

Опубликовано:

Нұрбек Оралбай
Нұрбек Оралбай: kfb.kz

Бокстан Белградтағы әлем чемпионатында 1/8 айналым жекпе-жектері аяқталып, ширек финалға өткен боксшылар анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кешкі сессияда соңғылардың бірі болып шаршы алаңға шыққан Санатәлі Төлтаев пен Нұрбек Оралбай жеңіске жетті.

63,5 келіде сынға түскен Санатәлі Төлтаев украиналық Денис Песоцкийді 5:0 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Сондай-ақ, 80 келідегі Нұрбек Оралбай венгриялық боксшыны айқын басымдықпен ұтып, келесі айналымға шықты.

Айта кетелік, бүгін рингке көтерілген алты қазақстандық боксшының бірде-бірі жеңілген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1940025-zenilis-zoq-bokssylar-toltaev-pen-oralbai-zekpe-zekti-satti-ayaqtady/

pixel