Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Бүгін жарыс жолына шығатын боксшыларымыздың қарсыластары кімдер

Опубликовано:

Бокс
Фото: Olympic.kz

Бүгін, 2 қараша күні бокстан ерлер арасында әлем чемпионатында 1/4 финалдық жекпе-жектер өтеді. Сербия астанасы Белградтағы байрақты бәсекенің ширек финалында он қазақстандық спортшы бақ сынайды деп хабарлайды Olympic.kz.

Ширек финалға шыққан қазақстандық боксшылардың қарсыластары:

  • 48 келі: Теміртас Жүсіпов/Нодиржон Мырзахмедов (Өзбекстан)
  • 51 келі: Сәкен Бибосынов/Юбергуен Мартинез (Колумбия)
  • 54 келі: Махмұд Сабырхан/Майкл Тринидад (Колумбия)
  • 57 келі: Серік Теміржанов/Эдуард Савин (Ресей)
  • 60 келі: Саматәлі Төлтаев/Софьян Умиа (Франция)
  • 63,5 келі: Санатәлі Төлтаев/Риз Линч (Шотландия)
  • 67 келі: Абылайхан Жүсіпов/Чинзоринг Баттарсухийн (Моңғолия)
  • 71 келі: Асланбек Шымбергенов/Юрий Захареев (Украина)
  • 75 келі: Нұрқанат Райыс/Сальваторе Кавалларо (Италия)
  • 80 келі: Нұрбек Оралбай/ Владимир Мирончиков (Сербия)

Әлем чемпионатының күндізгі сессиясы елорда уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Күндізгі кезеңде Қазақстан сапынан Теміртас Жүсіпов, Махмұд Сабырхан, Абылайхан Жүсіпов, Нұрқанат Райыс және Саматәлі Төлтаев шаршы алаңға шығады. 

Ал кешкі сессия елорда уақытымен сағат 23:00-ге жоспарланған.

Кешкі сессияда Санатәлі Төлтаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай өнер көрсетеді.

Биылғы әлем чемпионатында былғары қолғап шеберлері 13 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтауда.

Бокс ережесіне сәйкес, бүгінгі жекпе-жекте жеңіске жеткендер автоматты түрде әлем чемпионатының жүлдегері атанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1940162-alem-cempionaty-bugin-zarys-zolyna-sygatyn-bokssylarymyzdyn-qarsylastary-kimder/

pixel