Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екінші раундта Дуркач жеңді": Польшалық маман Абылайхан Жүсіпов пен отандасы арасындағы кездесуге баға берді

Опубликовано:

Абылайхан Жүсіпов
Абылайхан Жүсіпов. Фото: sports.kz

Польшаның Boxing.pl сайтының редакторы Марек Чудек Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында отандасы Дамиан Дуркач пен Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.

Жүсіпов пен Дуркач чемпионаттың 1/8 финалында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кездесті.

Бұл айналымда үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шешімімен Абылайхан Жүсіпов жеңіске жетті.

Алайда польшалық маман төрешілердің шешімімен толықтай келіспейтінін жеткізді.

"Менің ойымша, Дамиан Дуркач екінші раундта Абылайхан Жүсіповтен басым түсті. Егер төрешілер бұл раундты оның пайдасына шешкенде, үшінші раунд басқаша болар еді", – деп жазды Марек Чудек әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Дамиан Дуркачты жеңген Абылайхан ширек финалда моңғолиялық боксшы Чинзоринг Баттарсухийнмен кездеседі.

Жекпе-жек бүгін күндізгі сессияда (елорда уақытымен сағат 18:00-де басталады) болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1940185-ekinsi-raundta-durkac-zendi-polsalyq-maman-abylaixan-zusipov-pen-otandasy-arasyndagy-kezdesuge-baga-berdi/

pixel