Теміртас Жүсіпов өзбек боксшысын таза жеңіп, жартылай финалға өтті
Опубликовано:

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға өткен алғашқы боксшы белгілі болды деп хабарлайды Olympic.kz.
48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Теміртас Жүсіпов өзбекстандық Нодиржон Мырзахметовпен кездесті.
Жекпе-жек қазақстандық боксшының айқын басымдығымен өтіп, төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Жүсіповке берді.
Осылайша, Теміртас Жүсіпов Қазақстан командасының сапында алғаш болып әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
Теміртастың қоржынында кем дегенде қола медаль бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1940193-temirtas-zusipov-ozbek-bokssysyn-taza-zenip-zartylai-finalga-otti/