Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 жастағы шымкенттік боксшы Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан
Махмұд Сабырхан: kfb.kz

Бокстан Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалын тағы бір қазақстандық боксшы жеңіспен аяқтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

Ол ширек финалдық бәсекеде бразилиялық Майкл Тринидадты 5:0 есебімен жеңді. Финал жолдамасы үшін таласта Махмұд үндістандық боксшымен қолға түйістіреді.

Айта кетелік, бұған дейін Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1940197-20-zastagy-symkenttik-bokssy-maxmud-sabyrxan-alem-cempionatynyn-zartylai-finalyna-syqty/

pixel