RU

Нұрқанат Райыс әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

Боксер Нурканат Райыс
Нурканат Райыс. Фото: afb.kz

Сербияның астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір отандасымыз қарсыласына есе жіберіп, жартылай финалға өте алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрқанат Райыс италиялық Сальваторе Каваллародан айласын асыра алмады. Есеп - 2:3. 

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатының жартылай финалына үш боксшымыз шықты. Олар 48 келіде өнер көрсеткен Теміртас Жүсіпов, 54 келіде жұдырықтасқан Махмұд Сабырхан және 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абылайхан Жүсіпов.

Ал 60 келі салмақта сынға түскен Саматәлі Төлтаев франциялық боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Софиан Умихадан ұтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1940209-nurqanat-raiys-alem-cempionatynyn-zartylai-finalyna-syga-almady/