RU

Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов жартылай финалға жолдаманы жеңіп алды

Сәкен Бибосынов
Cәкен Бибосынов: vesti.kz

Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ширек финал жекпе-жектері жалғасуда. Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов колумбиялық қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

51 келіде бақ сынайтын Сәкен Бибосынов жартылай финалға шығу үшін колумбиялық боксшы Юберхен Мартинеспен кездесті. 

Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Сәкенге берді. 

Айта кетелік, Бибосынов 1/16 айналымда Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Досматовты, сондай-ақ, 1/8 айналымда үндістандық боксшы Дипакты 5:0 есебімен жеңген жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1940217-alem-cempionaty-saken-bibosynov-zartylai-finalga-zoldamany-zenip-aldy/