RU

Теміржанов бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында жұдырықтасады

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов. Фото: prosports.kz

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Теміржанов 1/4 финалда ресейлік Эдуард Саввинді сенімді жеңді.

Төрешілер есебі бойынша (5:0) отандасымыз жартылай финалда жұдырықтасу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетерлігі, қазірге дейін жартылай финалға қазақстандық бес боксшы шықты. Тағы үш боксшымыз ширек финалда бақ сынайды.

Естеріңізге салайық, Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосынов ширек финалда колумбиялық боксшы Юберхен Мартинеспен кездескен болатын.

Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Сәкенге берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1940220-temirzanov-bokstan-alem-cempionatynyn-zartylai-finalynda-zudyryqtasady/