RU

Бокстан әлем чемпионаты: Жартылай финалға шыққан отандық спортшылардың қарсыласы кімдер

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов. Фото: olympic.kz / Тұрар Қазанғапов

Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан қазақстандық боксшылардың қарсыластарының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшылардың 1/2 финалдағы қарсыластары: 

  • Теміртас Жүсіпов (48 келі) - Евгениий Кармильчик (Беларусь)
  • Сәкен Бибосынов (51 келі) - Танарат Саенгфет (Таиланд)
  • Махмуд Сабырхан (54 келі) – Акаш Кумар (Үндістан)
  • Серік Теміржанов (57 келі) -  Освель Кабалльеро Гарсия (Куба)
  • Абылайхан Жүсіпов (67 келі) - Севонрец Окадзава (Жапония).

Еске сала кетсек, әлем чемпионатының 1/4 финалына шыққан он қазақтандық боксшының бесеуі жатылай финалға өте алмады. Олардың қатарында Саматәлі, Санатәлі Төлтаевтар, Нұрқанат Райыс, Асыланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай бар.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Санатәлі Төлтаев пен шотландиялық Риз Линч арасындағы жекпе-жектің қорытындысына аппеляциялық шағым түсірді.

Дегенмен бокстан Қазақстан құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев төрешілер шешімі өзгеріссіз қалғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1940326-bokstan-alem-cempionaty-zartylai-finalga-syqqan-otandyq-sportsylardyn-qarsylasy-kimder/