Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 жасар шымкенттік боксшы Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының финалына өтті

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан
Махмұд Сабырхан: kfb.kz

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақта финалға шыққан алғашқы боксшы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан үндістандық Акаш Кумарды айқын басымдықпен жеңді.

Төрешілер жеңісті 5:0 есебімен жеңісті Махмұдқа берді.

Осылайша, шымкенттік боксшы 20 жасында әлем чемпионатының финалына шығып отыр. Айта кетелік, Махмұд Сабырхан ересектер арасындағы әлем біріншілігіне алғаш рет қатысуда.

Ақтық сында Махмұд Сабырхан жапондық Томоя Цубоймен кездеседі.

Бұған дейін 48 келідегі Теміртас Жүсіпов те финалға шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1940635-20-zasar-symkenttik-boksy-maxmud-sabyrxan-alem-cempionatynyn-finalyna-otti/

pixel