Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Абылайхан Жүсіпов
Абылайхан Жүсіпов: kfb.kz

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов қола жүлдегер атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абылайхан Жүсіпов жапониялық Севонрец Окадзавадан ұпай санымен ұтылды.

Осылайша, Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл Абылайханның әлем чемпионаттарында жеңіп алған үшінші қоласы.

Бұған дейін ол 2017 жылы Гамбургте (Германия) және 2019 жылы Екатеринбургте (Ресей) әлем біріншіліктерінде үздік үштіккен енген болатын.

Күндізгі сессия қорытындысы бойынша Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Махмұд Сабырхан (54 келі) финалға жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1940640-abylaixan-zusipov-alem-cempionatynyn-us-durkin-qola-zuldegeri-atandy/

pixel