Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үшінші финал": Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының алтын жүлдесіне таласады

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов: kfb.kz

Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатында үшінші қазақстандық боксшы финалға шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сәкен Бибосынов жартылай финалдан сүрінбей өтті. Ол таиландтық Танаарат Саенгфеттен 4:1 есебімен басым түсті. 

Осылайша, Сәкен Бибосынов өз мансабында алғаш рет әлемдік сынның финалына өтіп отыр. Сәкеннің финалдағы қарсыласы - америкалық Рокси Холл. 

Айта кетелік, бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Махмұд Сабырхан (54 келі) әлем чемпионатының финалына өтсе, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола жүлдегер атанған болатын. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1940656-saken-bibosynov-alem-cempionatynyn-finalyna-syqty/

pixel