Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының финалында сүрінді
Опубликовано:

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан финалда жапондық Тамоя Цубойға 0:5 есебімен есе жіберді.
Осылайша, 20 жасар шымкенттік боксшы өзінің ересектер арасындағы алғашқы чемпионатында күміске қол жеткізіп отыр.
Бұған дейін 48 келідегі Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы атанған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1940855-maxmud-sabyrxan-alem-cempionatynyn-finalynda-surindi/