Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Cәкен сөзінде тұрды": Мырзағали Айтжанов шәкіртінің жеңісіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Мырзағали Айтжанов
Мырзағали Айтжанов Токио олимпиадасында. Фото: olympic.kz

Бокстан әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосыновтың жеке бапкері Мырзағали Айтжанов дүбірлі сынға шәкіртінің қалай дайындалғанын айтты, деп жазады Olympic.kz. 

"Олимпиададан кейін қайтадан шыңға шығу өте қиын. Токио ойындарынан кейін екі апта демалып, қайтадан жаттығуға кіріскенбіз. Сол кезде Сәкеннен қайталап сұрадым. "Мүмкін, қатыспай-ақ қоярсың, демаларсың" деген ой болды.

Бірақ ол өз ойынан айнымай, Олимпиадада кеткен есесін қайтаратынын айтты. Мінеки, тынымсыз дайындалған Сәкен сөзінде тұрды, әлем чемпионы атанды. Мұның бәрі еңбекпен келді. "Еңбек бәрін жеңбек" деген сөздің дұрыстығын дәлелдеді", - дейді Мырзағали Айтжанов.  

Айта кетейік, Белградтағы әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол финалда америкалық Роско Хилдан басым түсті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1941005-caken-sozinde-turdy-myrzagali-aitzanov-sakirtinin-zenisine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel