Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтті

Опубликовано:

Турнир
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылорда қаласы əкімінің кубогі үшін БАҚ қызметкерлерінің арасында шағын футболдан турнир өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ержан Байтілес арнайы қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

Турнир
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Бұқаралық спортты дамыту, БАҚ өкілдерінің шығармашылық, достық байланысын нығайту мақсатында дәстүрлі сипатқа ие болған жарысқа «Қала әкімдігі», «Сыр медиа», «Меншікті тілшілер», «Қоғам ТВ», «Qyzylorda», «Аудандар құрамасы» командалары, барлығы 6 команда бақ сынады.

Турнир
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі
«Қала әкімінің кубогі сарапқа салынған жарыста қалам ұстаған журналистер доп тебуден де шебер екендіктерін дәлелдеді. Әрбіріңіз жеңіс жолында барлық күш-жігерлеріңізді аямай жарысты қыздырдыңыздар», - деді қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов.
Турнир
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Тартысты өткен турнирде «Qyzylorda» телеарнасының командасы бас жүлдені жеңіп алса, ІІ орын «Қала әкімдігі» командасына, ІІІ орын «Меншікті тілшілер» командасына бұйырды.

Турнир
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Турнирде «Үздік қорғаушы» номинациясымен "Сыр медиа" командасының ойыншысы А.Сағындықов, «Үздік қақпашы» - «Аудандар құрамасынан» А. Жолтерек, «Үздік шабуылшы» - «Қоғам ТВ» командасынан Н. Қалабеков, «Үздік ойыншы» номинациясымен «Qyzylorda» командасының ойыншысы Б. Қожамұратов марапатталды.

Турнирдің жеңімпаз және жүлдегер командаларына қаржылай сыйлықтар, кубок, алғыс хаттар берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1941047-qyzylordada-baq-okilderi-arasynda-sagyn-futboldan-turnir-otti/

pixel