Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодардан шыққан тұңғыш жүлдегер: Серік Теміржановты жерлестері құшақ жая қарсы алды (фото)

Опубликовано:

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов. Фото: NUR.KZ

Павлодарлық боксшы, Сербияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов туған жеріне оралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Боксшыны жерлестері Павлодар облысының бокс федерациясы ғимаратында қарсы алған.

Серік Олимпиададан үлкен тәжірибе жинап, әлем чемпионатына дейін демалуға уақыт табылғанын айтады. Бұл жолы әлем мықтылары жиналған додаға өз бабында барғанын атап өтті.

Дегенмен кездесудің барлығы оңай болмаған. Бірінші күні отандасымыз Азия жүлдегерімен, екінші күні әлем чемпионатының үздік боксшысымен, кейін үнді елінен келген жас боксшымен, одан соң Ресей және Кубадан келген мықты боксшылармен қолғап түйістірген.

"Ең соңында америкалық боксшымен шықтым. Оның жылдамдығы мықты екен, алты жекпе-жектен кейін күшім таусылып, оған жетпей қалды", – дейді боксшы.

Серік Теміржанов
Фото: pavlodarnews.kz

Десе де, Серік енді кеткен қателіктеріммен жұмыс істеп, осы күмісті алтынға айналдыруға тырысатынын айтады.

"Көңіл күйім, алған әсерім өте жақсы. Алтынға жете алмасам да, күміске ие болғаныма қуаныштымын. Енді кеткен қателіктеріммен жұмыс жасап, осы күмісімді алтынға айналдыруға тырысамын. Қазақстанда бәсекелестік әрдайым өте мықты, қазір өскелең жастар өсіп келе жатыр. Бізде дайындалып, Парижге жақсы формада барамыз деп ойлаймын", – дейді ол.

Серік Теміржанов
Фото: pavlodarnews.kz

Сонымен қатар, боксшы алдағы жоспарларымен де бөлісті.

"Әзірше демаламын, одан кейін оқу жаттығу жиындары басталады. Алдағы мақсаттар бас бапкердің айтуынша болады", - дейді Серік Теміржанов.

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов. Фото: pavlodarnews.kz

Естеріңізге сала кетейік, Серік Теміржанов әлем чемпионатынан медаль алған алғашқы павлодарлық боксшы.

Биыл ол Токио олимпиадасына да қатысып, жарысты финалдың 1/8 кезеңінде аяқтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1941223-pavlodardan-syqqan-tungys-zuldeger-serik-temirzanovty-zerlesteri-qusaq-zaya-qarsy-aldy-foto/

pixel