Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"AIBA әлі де жемқор": Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың жеңісіне күмән келтірді

Опубликовано:

Бокс
Фото: olympic.kz

WBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Шакур Стивенсон Twitter желісіндегі парақшасында Белградта өткен әлем чемпионатының финалдық кездесуіне қатысты пікір білдірді. Ол Сәкен Бибосынов пен Роско Хилл арасындағы жекпе-жекте төрешілер әділ шешім шығармады деп санайды. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

51 келіде өнер көрсеткен Сәкен Бибосынов финалда америкалық Роско Хилл есімді боксшымен кездескен болатын.

Жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының басымдығымен өтіп, Бибосынов 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Алайда Шакур Стивенсон екінші және үшінші раундтарда отандасы жеңді деп есептейтінін жеткізді.

Сонымен қатар, ол бірінші раундтың қорытындысымен де келіспейтінін айтып, Халықаралық бокс қауымдастығын (AIBA) сыбайлас жемқорлыққа жол берді деп айыптады.

"Мен Роско Хилл 2 және 3-раундтарды жеңді деп ойладым. Бұл төрешілер мені өзімді соқыр адамдай сезінуге мәжбүр етті.

Ол (Роско Хилл-ред.) өте жақсы жұдырықтасты. Одан бөлек, бірінші раундта тіркелген 10-8 есебі де адам айтса сенгісіз. AIBA әлі де жемқор", - деп жазды америкалық кәсіпқой боксшы.

Еске сала кетейік, Белградтағы әлем біріншілігінде Қазақстан командасы 5 медаль жеңіп алды. Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі) алтын алса, Сабырхан Махмұд (54 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) күміс, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола медаль иеленді.

Жалпы командалық есепте Қазақстан екінші орын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1941241-aiba-ali-de-zemqor-alem-cempiony-saken-bibosynovtyn-zenisine-kuman-keltirdi/

pixel