Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Сәтжанов: Финалда Бибосыновқа психологиялық тұрғыдан қиын соқты

Опубликовано:

Бокс
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов әлем чемпионатында ерекше көзге түскен боксшыларды атап, финалдық жекпе-жектерге баға берді, деп жазады Olympic.kz. 

"Әлем чемпионатына барлық жігіттер де бабында барды. Алайда, алтын медаль алған Теміртас пен Сәкенді ерекше атап өткім келеді. Әсіресе, ақтық сында Сәкен Бибосыновқа психологиялық тұрғыдан қиын соқты.

Өйткені, АҚШ және Қазақстан командасы медаль саны бойынша иық тірестіріп келе жатыр еді. Жалпы командалық есепте Американың алдын орау үшін бізге мейілінше жеңіске жету керек болды.

Осы орайда, Сәкен дер кезінде жиналып, финалды жақсы өткізіп шықты. Токио Олимпиадасынан кейін бірден тұғырға шығу оңай емес", - деді бас бапкер. 

Еске салайық, Белградтағы әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов америкалық Роско Хилді 5:0 есебімен жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1941305-bokstan-quramanyn-bas-bapkeri-finalda-bibosynovqa-psixologiyalyq-turgydan-qiyn-soqty/

pixel