Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан екі бөлмелі пәтер берілмек

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Белградта өткен бокстан әлем чемпионатында алтын медаль алған Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Мүслім өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

"Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Бұл туралы боксшымен кездесіп, оны жеңісімен құттықтаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берді", - деп жазды Шөкеевтің өкілі.

Еске сала кетейік, Белградтағы әлем біріншілігінде Қазақстан командасы 5 медаль жеңіп алды. Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі) алтын алса, Сабырхан Махмұд (54 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) күміс, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола медаль иеленді.

Жалпы командалық есепте Қазақстан екінші орын алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1941335-bokstan-alem-cempiony-atangan-saken-bibosynovqa-turkistannan-eki-bolmeli-pater-berilmek/

pixel