Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карим Бензема "ПСЖ" футбол клубына ауыса ма

Опубликовано:

Карим Бензема, Реал
Карим Бензема, Реал. Фото: David S. Bustamante/Soccrates/Getty Images

"Реал Мадрид" шабуылшысы Карим Бензема мансабын Францияда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, "Пари Сен-Жермен" франциялық футбол клубы 33 жастағы французға қызығушылық танытып отыр.

Париждік клуб шабуылшыны 2022 жылдың жазында сатып алғысы келеді. Ойыншының қазіргі келісімшарты 2023 жылы маусымда аяқталады.

Айта кетейік, Бензема осы маусымда "Реал Мадрид" сапында 15 ойынға қатысып, 14 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді. Ал "ПСЖ" құрамында Серхио Рамос, Лионель Месси, Неймар мен Килиян Мбаппе, сондай-ақ, Анхель Ди Мария сынды футболшылар өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1941399-karim-benzema-psz-futbol-klubyna-auysa-ma/

pixel