RU

Роналду "Манчестер Юнайтед" сапынан кетуі мүмкін

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: instagram.com/cristiano

Әйгілі футболшы Критиану Роналду "Манчестер Юнайтед" сапынан кетуі мүмкін деп хабарлайды Eurosport.ru.

6 қарашада "Манчестер Юнайтед" ел біріншілігінің 11-турында өз алаңында басты қарсыласы "Манчестер Ситиден" 0:2 есебімен жеңілді.

Қазіргі уақытта Уле Сульшердің шәкірттері турнирлік кестеде алтыншы орынға жайғасқан.

Жеңілістен кейін Daily Express басылымы "Егер "Мачестер Юнайтед" осы маусымның соңында Чемпиондар лигасына жолдама алмаса, Криштиану Роналду клубтан кетуі ықтимал" деген мақала жариялады.

Онда 36 жастағы әйгілі футболшының "қызыл сойқандардың" қазіргі амбициясына көңілі толмайтыны, спортшының мансабының соңғы жылдарын Еуропа лигасында ойнауды қаламайтыны жазылған.

Ал Криштианудың өзі "Мачестер Ситимен" өткен матчтан кейін ешқандай пікір білдірмеді.

Ол әлеуметтік желісіндегі парақшасында Португалия құрамасының сапына оралғанына қуанышты екенін жеткізген.

Айта кетейік, қараша айында Португалия құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ирландия және Сербияға қарсы матч өткізбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1941426-ronaldu-mancester-yunaited-sapynan-ketui-mumkin/