Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осал спортшылар келмейді": Бокстан әлем чемпионы атанған Жүсіпов жеңіске жетуінің сырын айтты

Опубликовано:

Теміртас Жүсіпов
Теміртас Жүсіпов: kfb.kz

Бокстан 48 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған Теміртас Жүсіпов Белградтағы кездесулерін саралап, алтын жүлде оңай жолмен келмегенін айтты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

"Әлем чемпионатына осал спортшылар келмейді. Әр ел өз мықтысын үкілеп қосады. Сондықтан, барлық кездесулер де қиын өтті. Барлық кездесуге де бар күшімді салдым.  Белградтағы дода басталардан бұрын әскерилер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған едім. Жеңісті жол Сербияда жалғасты. 

Ең есте қаларлық кездесу деп финалдық бәсекені айтар едім. Себебі, қарсыласыммен бұрын-соңды кездеспегенмін. Ал ол болса, мықты боксшыларды, Еуропа чемпиондарын ұтып кеткен. Сәтін салып, алтын жүлдеге қол жеткіздім", - дейді Теміртас Жүсіпов.

Айта кетсек, Белградтағы әлем біріншілігінде Қазақстан командасы 5 медаль жеңіп алды. Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі) алтын алса, Сабырхан Махмұд (54 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) күміс, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола медаль иеленді.

Жалпы командалық есепте Қазақстан екінші орын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1941602-osal-sportsylar-kelmeidi-bokstan-alem-cempiony-atangan-zusipov-zeniske-zetuinin-syryn-aitty/

pixel