RU

Головкин бокстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен Қазақстан құрамасын құттықтады

Геннадий Головкин в костюме
Геннадий Головкин. Фото: Rich Polk / Stringer / Getty Images

Әйгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бокстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен Қазақстан құрамасын құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сербияда өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен қазақстандық боксшылар үшін қуаныштымын. Жігіттерді де, бапкерлерді де, Кеңес Хамитұлы басқаратын федерацияны да жақсы нәтижемен құттықтаймын. Алдағы Азия ойындарының дайындығына сәттілік тілеймін", - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Сербия астанасы Белградта өткен бокстан әлем чемпионатында бес жүлде иеленіп, жалпы командылық есепте екінші орын алды.

Әлемдік додада Теміртас Жүсіпов мен Сәкен Бибосынов алтын медаль иегері атанса, Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов күміс жүлдені қанағат тұтты.

Ал команда капитаны Абылайхан Жүсіпов үшінші рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1941638-golovkin-alem-cempionatynda-satti-oner-korsetken-qazaqstan-quramasyn-quttyqtady/