RU

Әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасының бапкері қанша сыйақы алды

Жарыс
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Сербияның астанасы Белградта өткен бокстан әлем чемпионатында шәкірттері үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов қанша сыйақы алғаны белгі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап, хабарлайды.

Байрақты бәсекенің жеңімпаздарын, жүлдегерлерін және Қазақстан құрамасының бапкерлерін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қабылдап, құрмет көрсетті.

Жиын барысында ол құрманың бас бапкері Қайрат Сәтжановқа 1 миллион 400 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

Сонымен қатар, министр бокстан XXI әлем чемпионатының жеңімпаздары Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосыновқа 6 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

Ал дүбірлі додада екінші орыннан көрінген Серік Теміржанов пен Махмұд Сабырханға 3 миллион теңгенің сертификаты берілді.

Жарыс
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

"Қазақстан егемен ел ретінде 1993 жылдан бері бокстан әлем чемпионаттарына үздіксіз қатысып келеді. Осы аралықтағы 15 әлем чемпионатында біздің былғары қолғап шеберлері 51 медальді қоржынға салды. Оның 14-і алтын, 15-і күміс, 22-сі қола.

Осы бәсекеде біз барлық жүлде саны бойынша АҚШ-тан озып, жалпы есепте Куба мен Ресейден кейін үшінші орынға көтеріліп отырмыз. Бұл біздің бокстан әлемдегі жетекші мемлекеттің бірі екенімізді көрсетеді. Алдағы уақытта да тынымсыз еңбектің арқасында спортшыларымыз осы қарқынымен жүлде қорын молайта береді деп сенемін. Сіздер үшін келесі меженің бірі – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты болмақ" , - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Жарыс
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Боксшы
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Боксшы
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Боксшы
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Боксшы
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Боксшы
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1941663-alem-cempionatynda-uzdik-natize-korsetken-qazaqstan-quramasynyn-bapkeri-qansa-syiaqy-aldy/