Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл шешім - жаңа жолдың бастауы": Жанқош Тұраров күтпеген мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жанқош Тұраров
Жанқош Тұраров. Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Боксшының әр асқан белесі - дамуының сипаты. Бұл менің спортшы ретіндегі мақсатым. Өзім бірнеше жыл серіктес болған МТК Global (Kazakhstan) компаниясымен келісімшартымды аяқтадым. Бірнеше жекпе-жектер өткіздік. Тамаша жеңістерге қол жеткіздік. Осы командаға айтарым тек алғыс. Бұл шешім - мансабыма ауадай қажет жаңа жобаның бастауы. Жақын уақытта жекпе-жек күтіңіздер. Қолдаушыларыма рахмет", - деді Жанқош Тұраров.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың шілде айында өткізіп, аргентиналық Мауро Максимилиано Годойды (35-7-1, 17 КО) үшінші раундта нокаутқа түсіріп, жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental тұжырымы бойынша бос титулды жеңіп алған болатын.

Содан бері қазақстандық рингке шыққан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1941795-bul-sesim-zana-zoldyn-bastauy-zanqos-turarov-kutpegen-malimdeme-zasady/

pixel