RU

Мәскеуде Хабиб Нурмагомедовтың інісі полицейді қағып кеткені үшін ұсталды

Усман Нурмагомедов
Усман Нурмагомедов. Фото: instagram.com/usman_nurmagomedov

Мәскеудің Шереметьево әуежайында Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі ұсталды. Ол көлікпен полиция қызметкерін қағып кетті деген күдікке ілінді.

РИА Новости агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі Усман мен оның досы Мәскеудің Шереметьево әуежайында ұсталды. Олар полицейді көлікпен қағып кетті деген күдікке ілінген.

Life басылымының жазуынша, Усман Нурмагомедов пен оның жолдасы Камал Идрисов Мәскеуге ұшатын ұшағына кешігіп, Махачкала әуежайының жанындағы бақылау-өткізу бекетінде жылдамдығын бәсеңдетудің орнына полиция капитанын қағып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, тәртіп сақшысы басынан жарақат алған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Ресей ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір күдіктілерді ұстау және уақытша ұстау изоляторына орналастыру мәселесі шешілуде.

Бұл ретте Усман Нурмагомедов Instagram парақшасында барлығын сабырға шақырды.

"Кімнің не жазып жатқанын білмеймін, бірақ сабыр етіңіздер. Хабарламаларды қарша боратып жатырсыздар, бәрі жақсы", – деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1941806-maskeude-xabib-nurmagomedovtyn-agasy-policeidi-qagyp-ketkeni-usin-ustaldy/