RU

Әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке 5 млн теңге мен пәтер кілті табысталды

Теміртас Жүсіпов
Теміртас Жүсіпов: kfb.kz

Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке Көкшетаудан пәтер кілті және ақшалай сертификат тапсырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жүсіповке пәтер кілтінен бөлек 5 миллион теңгенің сертификаты берілді. Сондай-ақ Теміртастың жаттықтырушысы Қуанышбай Кокушев те құр қол қалмай, 2,5 миллион теңгенің сертификатына ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, Белградта (Сербия) өткен Әлем чемпионатында ақмолалық боксшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда тайландтық Вуттичай Юрачайды тізе бүктірген еді.

Ал әлем чемпионатында топ жарып, алтын жүлдемен оралған екінші боксшы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1942036-alem-cempiony-temirtas-zusipovke-5-mln-tenge-men-pater-kilti-tabystaldy/