RU

Серік Теміржановқа Павлодардан пәтер берілді

Серік Теміржанов
Фото: Prosports.kz

Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржановқа пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемдік біріншілікте Қазақстанның даңқын асырған спортшыны Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов құттықтады.

Боксшыға арнаған сөзінде аймақ басшысы жерлесіміздің Сербияда өткен әлем чемпионатындағы барлық жекпе-жегін көргенін атап өтті.

Халықаралық аренада үздік өнер көрсеткені үшін марапат ретінде спортшыға пәтер кілттері табысталды.

Боксшы барлық жерлестеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, алдағы уақытта ірі жарыстардың «алтынын» алу үшін бар күшін жұмсауға уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1942063-serik-temirzanovqa-pavlodardan-pater-berildi/