Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропалық клуб 18 жастағы қазақ футболшысына көз салып отыр

Опубликовано:

18 жастағы футболшы
Фото: vesti.kz

Прагалық «Салвия» командасы 18 жастағы Нұрдәулет Мырзабековті өз қатарына шақырмақ ниетте деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматылық клуб түлегі биыл жазда Чехияға тіл үйренуге барып, «Славия U-19» командасында да бақылау матчына қатысқан.

Қазақ футболшысы чехиялық бапкерлерге ұнаған, алайда елдегі трансферлік кезең жабылғандықтан олар футболшыны алып қала алмады. 

Нұрдәулетке Чехияның екінші лигасында ойнайтын «AБС Браник Прага» клубымен уақытша келісімшарт жасауды ұсынған. Қазір ол «AБС Браник Прага» клубының негізгі шабуылшысы, бірақ қысқы трансфер ашылысымен «Славияға» барады. 

Мырзабеков алматылық «Алаш», «Аифа» және «Атлетик» командаларында ойнаған. «Алашта» Сергей Клишин мен Андрей Ферапонтов сияқты бапкерлерден тәлім алған. Ал жекеменшік «Атлетик» командасында Владислав Кузьминнің қоластында жаттықты.  

Айта кетейік, «Славия» 14 матчта 35 ұпаймен Чехия чемпионатында көш бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1942098-europalyq-klub-18-zastagy-qazaq-futbolsysyna-koz-salyp-otyr/